Salem
Бажа 3
Асылжан Арапбай, 12 жас
Құттықтаймыз! Алматылық жас актеріміз Асылжан Арапбай, 12 жаста, елімізге белгілі «Бажа 3» сериалына түсіп, эпизодтық рөлді сәтті сомдады. Бұл жоба Асылжан үшін үлкен кино алаңындағы маңызды тәжірибелердің бірі болды. Кәсіби түсірілім процесіне қатысып, актерлермен және түсірілім тобымен жұмыс істей отырып, өзінің актерлік шеберлігін шыңдап, жаңа тәжірибе жинады. Асылжанды осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта үлкен рөлдер мен жарқын жобалар тілейміз!
Байланысты беттер